Астанадағы конференцияда денсаулық сақтау ұйымдарындағы тиімді менеджмент мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ базасында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында республикалық конференция болып өтті.  

Конференция жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, "Governance  & Management consulting" ЖШС бас директоры Г. Ахметова, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы» директоры Р.Ошақбаев, «Астана Медицина университеті» АҚ атқарушы директоры Ф. Борточчони және басқа халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Көрсетілген қызметтің сапасын жақсарту, экономикалық өсім, тұрақты даму, инвестиция тарту көздерін көбейту үшін кез келген мемлекеттік ұйымның алдынан корпоративтік басқару және тиімді менеджмент қағидаларын енгізу қажеттілігі мен маңыздылығы туралы мәселелер шығады», - деді министр форум қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде. Ол, Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 81-қадамында қызмет сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру мақсатында, медициналық мекемелердің корпоративтік басқару тәсілдеріне көшу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының кәсіби менеджерлер институтын дамыту міндеттерін алға қойғандығын еске салды.

Е.Біртанов бірлескен жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік кәсіпорындардың корпоративтік басқару тәсілдерін енгізу арқылы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанына толық көшуін және жаппай Қамқоршылық кеңестер құрылуын қарастыратын, мемлекеттік медициналық мекемелердегі қайта ұйымдастырулар 2019 жылдың аяғына қарай аяқталуы тиіс екендігін атап өтті. Бұдан басқа, оның айтуынша, әр аймақта адам ресурстарын басқарудың аймақтық саясаты, ал медициналық ұйымдар деңгейінде персонал басқарудың нәтижелі бағдарламасы енгізілуі тиіс.

Вице-министр Ләзат Ақтаева өз сөзінде корпоративтік басқару тәсілдерін енгізуге кедергі келтіретін бірнеше түйінді мәселелерді атап көрсетті.  Оларды тезірек шешу үшін корпоративтік басқару түсініктерін,  корпоративтік басқару тәсілдерін енгізу мәселелері бойынша уәкілетті және жергілікті атқару органдарының (ЖАО) құзыреттерін, Қамқоршылық кеңесінің, т.б. өкілеттігін кеңейту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаларды жетілдіру шаралары ұсынылады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың белсенділігін арттыру қажет.

Аталған жұмыстардың нәтижелілігін өлшеу үшін денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару тәсілдерін әзірлеу, енгізу және рейтингтік бағалау жүргізу қарастырылады.

Аймақтар арасындағы корпоративтік басқаруды сәтті енгізу рейтингіне сәйкес, алдыңғы қатарды Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласы иемденеді. Бұл аймақтарда 2016 жылдың өзінде-ақ 80% адамдар ШЖҚ-дағы МК,  70% Қамқоршылық кеңестер құрылды.

Аутсайдерлерде 8 ауданда корпоративтік басқаруды енгізу жұмыстарының төменгі деңгейі немесе тіпті жоқтығы аңғарылады.  Оңтүстік Қазақстан облысында корпоративтік басқару тәсілдерін енгізудің төменгі көрсеткіші (15,9 пайыз) байқалады, тиісінше Қамқоршылық кеңестер де жоқ.   

Сонымен бірге, Л.Ақтаева өз баяндамасында айтып өткендей, ұйымдардың басшылары нәтижелі түйінді көрсеткіштерге жетуі үшін, жауапкершілік арту үшін тиісті нормативтік және құқықтық актілерге, сәйкесінше өзгерістер енгізіледі.

Медициналық ұйымдарда тиімді менеджментті дамыту мақсатында нәтижеліліктің мынадай түйінді көрсеткіштері әзірленген, олардың негізгілері:  пациенттердің медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейін 46%-ға (ДДМК сәйкес) жоғары арттыру; пациенттердің медициналық қызметкердің еңбек шарттарына қанағаттану деңгейін 65%-ға (ДДМК сәйкес) жоғары арттыру.

Вице-министр персоналды басқарудың корпоративтік саясаты әуелі  медициналық ұйымдардың 20%-ның базасында енгізілетіндігін жеткізді.  Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын басқарудың ұлттық саясатын жүзеге асыру негізінде мынадай қағидаттар енгізілетін болады: қажетті (қолжетімді) адам ресурстарының болуы;  жұмыскерлердің тиісті өкілетінің болуы; тұрғындардың сұранымына қарай адами ресурстардың  елгезектігі; үздіксіз кәсіби даму; адам ресурстарының өнімділігі; әлеуметтік тану.

«Бұл қазіргі кадр бөлімдерінің жұмыс нысанын түбегейлі өзгертуді талап етеді, персоналды басқару қызметінің мәртебесін көтереді, олардың қызметкерлерінің әлеуетін арттырады. Келесі қадам медициналық ұйымдарға заманауи HR-технологияларды енгізу болмақ. Оған персоналды жоспарлау кезеңдері, персоналды іздеу және жалдау, бейімдеу және дамыту, уәждеме мен ынталандыру, бағалау кіреді. Қорыта келгенде, аталған өзгерістер персонал мен жалпы барлық медициналық ұйымдардың жұмысының өнімділігін (тиімділігі мен сапасын) арттыруы тиіс» деп аяқтады сөзін Л.Ақтаева.

Конференцияны Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Сөз алушылардың баяндамалары жақын уақыттарда ДСДРО ресми сайтында жарияланатын болады (www.rcrz.kz).

 

 

 

 

 

Форма отправки

Защитный код
Обновить