ДСДРО аккредиттеу жөніндегі комиссияға конкурстық іріктеу жүргізеді

Аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамын ішінара жаңартуға байланысты, ДСДРО комиссия құрамына медициналық ұйымдардың мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымның кандидатурасын қосуға конкурс жариялайды.

Іріктеуге қатысу үшін кандидаттар ДСДРО-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

- фотосуреті бар түйіндеме, автобиографиялық мәліметтер, байланыс деректері (телефон, электрондық мекен-жайы)  көрсетілген кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі  туралы мәліметтер;

- жеке куәліктің мен жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (медициналық немесе экономикалық, немесе заңгерлік);

- ҮЕҰ-дағы  мүшелігі мен рөлі туралы және медициналық ұйымдардағы аккредиттеу саласындағы кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесін  растайтын құжат.

Құжаттар топтамасы Иманов көшесі, 13, 206/1 каб. мекенжайы бойынша немесе сканерленген нұсқасы мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: nurmanova_s@rcrz.kz, office@rcrz.kz. Анықтама телефондары: 8 (7172) 700-950 (1068,1128