Қазақстанда 15-19 жастағы қыздар шетелдерге қарағанда алты есе көп босанады

Аборт саны бойынша да қазақстандық қыз балалардың көрсеткіші жоғары

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында, акушер-гинеколог, Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас маманы Раушан Бердібекова өз зерттеуін таныстыра отырып, мәлім етті.

«Бұл зерттеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне жатады. Біздің елдегі зерттеу көрсеткендей, Қазақстанда 15-18 жастағы қыздар ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер арасында - авт.) елдері арасында алты есе жиі босанады, яғни, алты есе жүкті болады. Бұл көбінесе біздің Қазақстанның дәстүріне де байланысты», - дейді Раушан Бердібекова.

 

Бұрқасын - 2020

Өткен демалыс күндері Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері "Бұрқасын - 2020"қысқы ХХ мерейтойлық фестиваліне қатысты. Фестиваль бағдарламасында спорттың 8 түрі бойынша (шаңғы жарысы, гір спорты, армрестлинг, шайбалы хоккей, белдікпен күрес, қысқы шағын футбол, арқан тарту және мотоспорт) жарыстар өтті .

Өкінішке орай, ДСДРО қызметкерлері жүлделі орындарға ие бола алмады, бірақ жағымды эмоциялар мен жағымды әсер алды.

Сұхбат. Дәрігерлерді қайтсек көбейтеміз?

Денсаулық сақтау кадрлық ресурстар обсерваториясы бөлімінің бас маманы Жансая Өмірхан дәрігер жетіспеуі туралы сауалдарға жауап берді.

Сұхбат. Ғалымжан Сейсенбек – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бөлім басшысы

Сұхбат. Ғалымжан Сейсенбек – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бөлім басшысы.

Денсаулық сақтау дамыту республикалық орталығында жүйке-бұлшықет аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсету бойынша жетілдіру мәселелері талқыланды

19 наурызда  Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығынының базасында Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 ақпандағы № 30 бұйрығымен бекітілген жүйке-бұлшық ет аурулары бар балаларға медициналық көмекті жетілдіру бойынша Жол картасы іс-шараларының орындалуын талқылау бойынша селекторлық кеңес өткізілді.

 

Кеңес жұмысына денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, штаттық/штаттан тыс бас неврологтар, босандыру және балалар жөніндегі басшылардың орынбасарлары, медициналық ұйымдардың басшылары, "Өмірге сен" қоғамдық қорының сарапшылары, медициналық ЖОО өкілдері және басқалар қатысты.