Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі « Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі « Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы №133 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сұрақтары» Қаулысымен екі ШЖҚ РМК-ның біріктірілуі арқылы құрылды.

Олар:

Республикалық ақпараттық-сараптамалық орталық;

Денсаулық сақтауды дамыту институты.

Кәсіпорын Жарғысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитет Төрағасының  2011 жылғы 18 наурыздағы №179 бұйрығымен  бекітілген. Кәсіпорын Алматы қаласының Әділет департаментінде 2011 жылдың 25 наурызында тіркеуден өтіп, құжаттары рәсімделген.

ДСДРО-ның негізгі жұмыс бағыттары:

  • Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал ету
  • Кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімділігін жетілдіру
  • Медициналық білім және ғылым жүйесін жақсартуға және тиімділігін арттыруға ықпал ету
  • Медициналық статистиканы және денсаулық сақтау жүйесінің біріңғай ақпараттық жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіру
  • Денсаулық сақтау саласындағы Әлемдік халықаралық  Банкпен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға атсалысу.
  • Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес, денсаулық сақтау, медициналық ғылым және білім саласындағы 25 қызмет түрімен айналысу қарастырылған.

     
МИССИЯСЫ:  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытындағы шешімдерді жасақтау және әдістемелік сүйемелдеудің тұрақты инфрақұрылымын дамыту арқылы ұлт саулығын жақсартуға ықпал ету.  

МІНДЕТІ: ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту» ШЖҚ РММ –республика бойынша денсаулық сақтау саласындағы  ғылыми негізделген сараптама жасау, инновациялық технологияларды қалыптастыру және қолданысқа енгізу, денсаулық сақтау саласы мен тұрғындардың денсаулығына мониторинг жасау жүйесін қамтамасыз ету, салалық ақпараттық жүйені дамыту және менеджмент институтын жетілдіру жөніндегі жетекші орталық.  

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

  1. Қоғамның мүддесіне қызмет ету. Біз ұлт денсаулығының мүддесіне қызмет етеміз, жетістіктерге ұмтыламыз және денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық өзгерістердің әдістемелік негізін қамтамасыз етеміз. Осы арқылы қоғамның медициналық қызмет көрсету туралы, соның ішінде оның сапасы мен қолжетімділігі, еркін таңдау, адамның өз денсаулығын жақсартудағы ортақ жауапкершілігі туралы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеміз.   
  2. Жетістікке ұмтылу. Біз келесі этикалық қағидаттарды ұстанамыз: кәсіби  біліктілік, тәуелсіздік, ашықтық, объективтілік және біздің коммерциялық емес қызметіміздің этикалық талаптарға сәйкестігі. Біздің жауапкершілігіміздің басты тұғыры – біз әріптестеріміздің, басшымыздың, қызметтестеріміздің алдындағы міндеттемелерімізді әрдайым орындаймыз.  
  3. Инновацияларды дамытуға ықпал ету. Инновацияларды, новаторлық және бастамашылдықты қолдау – біз жұмысымыздың барлық бағытында  шығармашылықты, өнертапқыштықты, инновациялық технологияларды дамытуға ықпал етіп, қызметкерлеріміздің мұндай бастамаларына қолдау көрсетеміз.  
  4. Командалық жұмыс, әріптестік және даму. Біз жұмысымыздың барлық бағыттарында халықаралық ұйымдармен денсаулық сақтау саласына қатысты және одан тыс мәселелерге байланысты қарым-қатынастар орнатуға тырысамыз. Біз әрбір қызметкердің, әрбір құрылымның және кәсіпорынның әлеуетін арттыруға тырысамыз.  
  5. Абырой және этика. Біз өз жұмысымызда іскерлік қарым-қатынастардың этикалық нормаларын басшылыққа аламыз. Біздің басты қағидаттарымыз – барлық мәселелер бойынша ақылдаса отырып, ортақ шешім қабылдау, жұмыста командалық мүддені ұстану, жасампаздық және гуманизм, қоршаған ортаны сақтау, жұмыстың жүйелілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету.  

 

ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту» ШЖҚ РММ қызметінің басым бағыттары: 

  1. Кәсіпорынның әлеуетін және институционалды тұрақтылығын дамыту
  2. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ету
  3.  Денсаулық сақтау жүйесі кадрларын үзіліссіз кәсіби дайындықтан өткізу, медициналық білім және ғылым ұйымдары түлектерінің, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін мамандардың  біліктілігін (білімін және дағдыларын) бағалау  жүйесін қалыптастыруға ықпал ету,
  4.  Медициналық қызмет сапасын арттыруға, соның ішінде аккредиттеу жүйесін жетілдіруге ықпал ету.
  5.  Денсаулық сақтау саласының білім беру және ғылым жүйесін дамытуға ықпал ету.
  6.  Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық кеңістікті дамытуға ықпал ету.

 

 

 

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!