Халықаралық конференция (сын-қатерлер, мүмкіндер, болашаққа бағдар)

 

 

 

 

 

2021 жылғы 24 қыркүйекте Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы (ҰҒДСДО) «Қазақстанның Денсаулық сақтау саласы: сын-тегеуріндер, мүмкіндіктер, болашаққа бағдар» атты халықаралық онлайн-конференциясын өткізеді.

 

Конференция ҰҒДСДО-ға жаңа мәртебе мен еліміздің көрнекті саяси қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, алғашқы әйел Денсаулық сақтау министрі болып қызмет еткен Салидат Қайырбекованың атының берілуіне орайластырылған. Сондай-ақ, аталмыш Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

 

Конференцияның басты мақсаты ретінде Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» негізгі бағытын іске асыру шеңберінде ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту жолдарын талқылау көзделген.

 

Шарада денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мынадай өзекті тақырыптары талқыланады:
- Қолжетімді және сапалы медициналық көмек;
- Денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды дамыту;
- Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру;
- Қолжетімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
- Салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортты дамытатын тұрғындар үлесін арттыру;
- Медициналық көмекті қаржыландыру тиімділігін арттыру.

Конференцияда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ), БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), БҰҰ халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА), халықаралық және шетелдік ұйымдардың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері және ғылыми-академиялық ортаның өкілдері сөз сөйлейді.

 

Конференцияға тіркелу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScRZ5uC4WtpNUTGxzkRCqA2eI0FkizO6bWKzqTCvnBGqz1s-A/viewform

 

Бағдарлама және спикерлер туралы толық ақпарат жақын күндері жарияланатын болады. Соңғы жаңалықтарды бақылап жүріңіздер!

 

 

Конференция бағдарламасы