Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Еліміздің клиникалық фармакологтары Астанада бас қосады

2016 жылдың 5-9 желтосан аралығында Астанада клиникалық фармакологтар форумы өтеді.  Басқосуда аталмыш саланың өткір мәселелері талқыланады.Олар:.

- фрамакология саласының болашағы
- аталмыш саланың мамандарын дайындау
- формулярлық жүйені одан әрі дамыту
- дәлелдемелі медицинаны тәжірибеге енгізу
- дәрілік қамтамасыз етудің этикалық аспектілері
- дәрі-дәрмектерді рационалды қолдану
- клиникалық фармакологтардың медицинаны дамытудағы ролі
- фармакологияға қатысты  медициналық технологияларды бағалау.

Қатысушылар:

  • ҚР ДСДӘМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Л.Ким
  • Дәрілік заттарға мониторинг жүргізу басқармасының жетекшісі З.Мушанова
  • Әлемдік банк жобасын жүзеге асыруға ықпал ету тобының өкілі Н.Қарсыбекова
  • ҚР штаттан тыс бас клиникалық фармакологы Ш.Қалиева
  • ҚР медициналық жоғарғы оқу орындарының өкілдері
  • 14 облыс пен Алматы, Астана қалалары денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері
  • Медициналық  мекемелердің клиникалық фармакологтары

Форум аясында 5-9 желтоқсан аралығында «Клиникалық фармакологияның медициналық қызмет сапасын арттырудағы ролі» атты семинар өтеді.  Семинар мақсаты – клиникалық фармакологтардың дәрі-дірмектерді рационалды қолдану бағытындағы кәсіби біліктілігін көтеру арқылы медициналық қызмет сапасын жақсартуға және клиникалық фармакологтардың қызметін стандарттауға ықпал ету.  

Шара Әлемдік банк пен ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологиялармен алмасу және институционалды реформаларды жүргізу» атты бірлескен жобасының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі, 66.

Өткізілетін уақыты: 5-9 желтоқсан 2016 жылы

Басталуы: сағат 10:00

Қосымша ақпарат алу үшін  Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз хатшысы Б.Сержановаға хабарласуларыңызды сұраймыз.

8 701 755 49 53 , электронық пошта press_rcrz@mail.ru

(ватсап жұмыс істемейді!)

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!