Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Қазақстанда медициналық мекемелерді аккредиттеу басталды

Қазақстанда медициналық мекемелерді аккредиттеу науқаны басталды. Шара ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Биылғы жылы бұл ерікті шараға қатысуға 180 медициналық мекеме ниет білдірді.  Шараға бастапқы көмек көрсететін қалалық, аудандық, ауылдық амбулаторлық-стационарлық мекемелер  бар.  Еліміздің бүкіл өңірлері бойынша медициналық мекемелердің қызмет сапасын анықтауға 34 сарапшылар тобы атсалысады. Олардың ішінде ҚР ДСӘДМ өкілдері, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының мамандары, арнайы дайындықтан өткен медициналық мамандар бар.  Сонымен қатар, аккредиттеуге бақылаушы ретінде ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері тартылған. 

Акрредиттеу барысында  мекеменің жұмысы кешенді бағалаудан өтеді. Соның ішінде  оның материалдық-техникалық базасы, қауіпсіздігі, көрсетіп отырған қызметінің сапасы ескеріледі. Акрредиттеу қорытындысы ұжымға өздерінің кемшін тұстарын ескеріп, оларды өз бетінше түзеуге мүмкіндік береді.  Аккредиттеу мерзімі үш жылға жарамды. Бағалау қорытындысы бойынша мекемелерге  үш санат бойынша  аккредиттеу  сертификаты беріледі.   Аккредиттеуден сәтті өткен   мекемелерге мемлекеттік тапсырыс орналстыру кезінде басымдық беріледі.  Науқастар емделетін мекемені таңдау барысында оның аккредиттеуден өткен-өтпегенін ескеру арқылы қызмет сапасын бағалай алады.

Қазақстанның ұлттық аккредиттеу стандарттары халықаралық стандарттарға сай жасақталған. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы аккредиттеу науқанына 241 медициналық мекеме қатысып, олардың 142-сі- екінші, 84-і – бірінші, алтауы  жоғары аккредиттеу санатын алып, 9 мекеме аккредиттеуден өте алмай қалды.

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!