Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Аккредиттеу жөніндегі дәріскерлерді дайындау

2016 жылғы 3 -7 қазан аралығында Астанада Аккредиттеу орталығының ұйымдастыруымен «Аккредиттеудің өзекті мәселелері және аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу» атты оқу өткізілді. Шара Әлемдік банктің «Қазақстан республикасының денсаулық сақтау саласында технологиялар алмасу және институционалды реформалар жүргізу» жобасының аясында өткізілді.  Семинарға қатысушыларға  ISQua ұйымының мүшесі, сапа саласындағы халықаралық сарапшы, профессор Асаф-Аль-Ассаф дәріс берді. Оқыту курсынан сәтті өткендерге аккредиттеу жөніндегі жаттықтырушы сертификаты беріледі. Дәріскерлерге қойылатын талаптар: 

- Жоғары коммуникативті машықтар және дәріс беру тәжірибесі (ұлттық және халықаралық конференцияларда баяндама жасау тәжірибесі);

- денсаулық сақтау саласында, соның ішінде аккредиттеу саласындағы тәжірибе (ұлттық немесе халықаралық аккредиттеу стандарттарын енгізу).

-  Тиісті білім (жаттықтырушы сарапшы-дәрігерлер үшін – жоғары медициналық білім; сарапшы-әкімгерлер үшін – жоғары білім; мейіргерлік іс жөніндегі сарапшылар үшін орта арнайы медициналық білім). Тиісті баға жинай алмаған тыңдаушыларға оқу курсын тыңдады деген сертификат беріледі. 

 

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!