Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Медициналық кәсіби қауымдастықтарды дамыту мәселесіне арналған дөңгелек үстел

2016 жылдың 14 қазанында Астана қаласында Ұлттық ғылыми-медициналық орталықта медициналық кәсіби қауымдастықтарды дамыту мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Шараны ҚР ДСДӘМ ұйымдастырды. Отырысқа вице-министр Елжан Біртанов төрағалық етті. Жиналғандар алдында  ҚР ДСДӘМ Медциниалық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры Тимур Сұлтанғазиев пен Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың республикалық одағының президенті, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы басқарма мүшесі  Абай Байгенжин баяндама жасады.

 

Шараға қатысушылар кәсіби медициналық қауымдастықтардың қазіргі таңда әлемде денсаулық сақтау саласында маңызды орын алып отырғанын атап өтті. Днесаулық сақтау саласын дамытуда үкіметтік емес сектордың және жеке медицинаны дамыту туралы нақты міндеттер  Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары: 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында», 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік «Денсаулық бағдарламасында көрініс тапқан.

Қазіргі таңда ҚР ДСДӘМ тарапынан оларды іске асыруға бағытталған ауқымды шаралар атқарылуда. Шамамен бір жыл бұрын ДСӘДМ жанындағы консультативті-кеңестік орган – Сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар, Парламент депутаттары,  кәсіби  медициналық қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының, ҚР кәсіподақтар федерациясының  өкілдері кірді. Қазіргі таңда Комиссияның құзырындағы мәселелерді қараумен айналысатын сараптамалық жұмыс топтары құрылып, денсаулық сақтау саласының құқықтық негізін жетілдіру үшін жұмыстар жасалуда.

Болашақта ДСӘДМ құзырындағы медициналық қызметкерлердің біліктілігін анықтау, медициналық ұйымдарды аккредиттеу, клиникалық хаттамалар мен медициналық стандарттарды жасақтау сияқты мәселелерді кәсіби медициналық қауымдастықтардың қарауына беріп, олардың жұмысын аталмыш комиссия арқылы үйлестіру көзделіп отыр. Алайда кәсіби қауымдастықтардың мәртебесін анықтау үшін олардың құрылымына қатысты бірегей талаптар қалыптастырылуы қажет. Отырыс барысында медициналық қауымдастықтардың маңызын арттыру және оларды әрі қарай дамыту мәселелеріне қатысты ұсыныстар талқыланып, арнайы резолюция қабылданды.  

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!