Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Денсаулық сақтау сапасы жөніндегі дүниежүзілік ұйым ISQua ДСДРО-да халықаралық аудит өткізді

Қазіргі таңда әлемдегі аккредиттеу ұйымдарының барлығы Денсаулық сақтау сапасы жөніндегі  дүниежүзілік  ұйым  ISQua –ға біріккен. Бұл ұйым үш бағыт бойынша: стандарттарды аккредитеу, оқу бағдарламасы және аккредиттеу жөніндегі ұйымдарды аккредиттеумен айналысады.

JCI, Канадалық аккредиттеу жөніндегі ұйым, Бельгияның стандарттау жөніндегі агенттігі, Малайзиялық кеңес сынды ең беделді 47-ге тарта ұйымдар осы қоғамдастықтың қатарына кіреді. Олардың барлығы жоғарыда аталған 3 бағыт бойынша аккредиттеуден өткен. Қазақстан 2009 жылы республикада Аккредиттеу орталығы құрылған сәттен бастап ISQua-ға мүшелікке кіріп, осы бағыттарда аккредиттеуден өту үшін жұмыс істеуде.Осы жылдар аралығында орталық үлкен даму жолынан өтті. Әлемдік банктың қолдауымен елімізде денсаулық сақтау саласының 4 мыңнан аса мамандары медициналық мекемелерді аккредиттеу мәселесі бойынша білімін жетілдірді. Қазақстандық мамандар өз бетінше ұлттық  аккредиттеу стандарттарын жасақтап, енгізді. Қазіргі таңда елімізде стационаралық, амбулаторлық-емханалық, жедел медициналық көмек көрсетумен айналысатын қызмет түрлеріне, санитарлық авиация қызметтерін аккредиттеу стандарттары енгізілген. Сонымен қатар, қан қызмет, мейіргерлік қызметті ұйымдастыру, хоспистер мен оңалту орталықтарына арналған стандарттар бар. 

Орталық бірқатар аккредиттеу стандарттарын аккредиттеуден өткізді (2012 жылы стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын, 2013 жылы амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын аккредиттеді).Сонымен қатар 2013 жылы аккредиттеу мамандарын дайындау жөніндегі оқу бағдарламасы аккредиттеді.

2016-2019 жылдарға арналған  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы  мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің іс-шаралар жоспары аясында ДСДРО-да   Денсаулық сақтау сапасы жөніндегі  дүниежүзілік  ұйым  ISQua-да халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындық шаралары өткізілді. 2016 жылдың 26-30 қыркүйек күндері ДСДРО-да сыртқы бағалау жүргізілді.

 Қазақстандық аккредиттеу органының халықаралық стандарттарға сәйкестігін әлемдік беделі бар мамандар   Пол Ван Остенберг  (АҚШ),КадарМарикар (Малайзия), Мартин Бьюмонт (Канада) бағалады.

Сарапшылар  кәсіпорын жұмысын жалпы басқару, стратегиялық және оперативтік басқару, тәуекелдерді басқару, көрсеткіштерді жақсарту, ақпаратты басқару, сарапшылар жұмысын ұтымды ұйымдастыру, тұтынушылармен қарым-қатынастар және аккредиттеуді өткізу сияқты көрсеткіштер бойынша бағалады. Жұмыс барысында халықаралық сарапшылар  аккредиттеу, стратегиялық жоспарлау, қаржылық тұрақтылық сынды бүкіл бизнес-үдерістерді жан-жақты зерделеп шықты.

ДСДРО ұжымымен болған қорытынды брифингте халықаралық сарапшылар аудиторлық тексеріс нәтижелері туралы мәлімет беріп, кемшін тұстар мен жетістіктерді саралап шықты. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштерді жақсартуға байланысты кеңестерімен бөлісті. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ISQua аудитінің алдын-ала қорытындылары 2016 жылдың  21-26 қазан аралығында жарияланады. Ұйымның атқару комитетінің отырысы 2017 жылдың қаңтар айында аудит барысында  жинақталған мәліметтер толығымен сараптамадан өткізілгеннен кейін өтеді.

IMG_2780
IMG_2791
IMG_2814
IMG_2816
IMG_2834
IMG_2862
1/6 
start stop bwd fwd

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!