Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының мамандары бес облыстың медициналық қызметкерлерін Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярмен таныстырды.

Дәрі-дәрмек орталығының мамандары Қарағанды, Жамбыл, Ақмола, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстарының медициналық қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізді.  Семинарға 650-ден астам медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер қатысты.

Семинар барысында дәлелді медицина қағидаларының негізінде ақпараттық ресурсты қолдану кезінде дәрілік заттарды тағайындау тәжірибесін жақсарту үшін Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды енгізу бойынша өзекті тақырыптар, клиникалық фармокология қызметінің даму болашағы, сонымен қатар дәрілік заттарды пайдалануды бағалаудың заманауи әдістері таныстырылды.   

Қазақстан ТМД елдерінің арасында мұндай ақпараттық ресурсты іске қосқан алғашқы республика болып отыр. ҚҰФ –ды жасақтау барысында фармокотерапия саласындағы озық әлемдік тәжірибе басшылыққа алынды.    

ҚҰФ дәрілік көмектің азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен табысына қарамастан бәріне бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Себебі мұнда   дәрі-дәрмектердің шекті бағалары көрсетілген. Формуляр жүйелі түрде жаңартылып отыратындықтан,  медициналық қызметкерлерге дәрі-дәрмек түрлері, оларды қолдану тәжірибесі туралы жаңа мағлұматтар алып, фармацевтика саласындағы білімін жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.

 Ұлттық формулярды қалың жұртшылық та www.knf.kz сайты арқылы орыс және қазақ тілдерінде  онлайн-режимде қолдана алады. ҚҰФ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған жүйе бойынша құрылған. Препарат туралы ең қажетті ақпараттың бәрі бір бетте жинақталған. Ал қажет болған жағдайда, сілтемені ашып, кеңірек мағлұмат алуға болады. Кері байланыс жүйесі арқылы сайтты қолданушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алады. 

 ҚҰФ жобасын әзірлеу 2015 жылдың соңында еліміздің тұрғындарына ұсынылып отырған дәрілердің сапасы, қауіпсіздігі мен қолжетімділігі мәселелерін шешу мақсатында қолға алынған болатын. Оған ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті ұйытқы болған. ҚҰФ-ды жасауға шет елдердің және Қазақстан Республикасының тәжірибелі клиникалық фармакологтары тартылды.

Науқан аясында, Қазақстанның барлық аймақтарында медициналық қызметкерлерге арналған семинарлар өткізілуде.

 

 

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!