Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Жоғары технологиялы медициналық көмек тізімін қайта қарау аясындағы технологияларды талқылау жөніндегі жұмыс топтарының отырысы

«Денсаулық сақтауды реформалауды әдістемелік қолдау» мемлекеттік тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ДСДРО жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) тізімінің талаптарға сәйкестігін сараптамадан өткізуде. Жүргізілген сараптамалар қорытындысы бойынша аталмыш технологиялардың бірқатары профильді мамандардың қатысуымен талқылауды қажет етеді.

ҚР ДСӘДМ тапсырмасы бойынша ДСДРО аталмыш технологияларды талқылау жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарын өткізуді жоспарлап отыр. 

Осыған орай, ДСДРО профильді қауымдастықтардың, профильді ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың өкілдерін ЖТМК технологиялары жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат ату үшін ДСДРО Денсаулық сақтауды стандарттау орталығының медициналық технологияларды бағалау және клиникалық хаттамалар жөніндегі бөліміне хабарласыңыздар. Тел 8 (7172) 700 950 ішкі 1072, 1049.  

 

ЖТМК технологияларын талқылау жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарының кестесі 

№ п/п Профиль  Өткізілетін орны  Уақыты
1.       Кардиохирургия ДСДРО Орынбор 18ВП, 102 каб. 3 қазан, 15:00-16:00
2.       Оториноларингология, Онкология, Урология ДСДРО Орынбор 18ВП, 102 каб. 5 қазан, 15:00-16:00
3.       Хирургия, Трансплантология ДСДРО Орынбор 18ВП, 102 каб. 5 қазан, 16:00-17:00
4.       Акушерство и гинекология ДСДРО Орынбор 18ВП, 102 каб. 7 қазан, 15:00-17:00
5.       Нейрохирургия, Травматология ДСДРО Орынбор 18ВП, 102 каб. 7 қазан, 16:00-17:00

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!