Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Қазақстандық денсаулық сақтау және әлеуметтік даму қызметкерлерінің салалық кәсіподағы медициналық қызметкерлердің білімін бағалау үшін қажетті шығынды жұмыс берушінің есебінен жүргізу керек деп санайды

Жарияланды 09.02.2016

Былтырғы жылдың соңында елімізде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін бағалаудың жаңа тәртібі күшіне енді. Оған сәйкес, бұл шара бәсекелі ортаға шығарылып, ақылы түрде жүргізілетін болды. 

Салалық кәсіподақ бағалау шарасының бәсекелі ортаға беріліп, ақылы негізде жүргізілуін медициналық қызмет сапасын арттыруға және пациенттердің құқын қорғауға бағытталған  заман талабына сай заңды шара ретінде қабылдайды.

Алайда, мәселенің әлеуметтік жағын есепке ала отырып, кәсіподақ өкілдері медицина қызметкерлерінің білімін бағалауды жұмыс берушінің есебінен жүргізуді ұсынып отыр. Бұл ұстаным әлеуметтік әріптестікке қатысушылардың бірі -  Кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасы тарапынан да қолдауға ие болып, 2015-2017 жылғы салалық келісімге енгізілетін өзгерістер жобасынан көрініс тапты.

ЖОО түлектерінің дайындық деңгейін тексеру шарасын бекітілген жерінде болашақ жұмыс берушінің есебінен жүргізу керек немесе республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру керек,-деді Салалық Кәсіподақ төрағасы  Мереке Бутина.

Естеріңізге сала кетейік, медицина қызметкерлері үшін 5 жылда бір мәрте міндетті сертификаттау үшін білімін бағалау құны 2950 теңге, ал  ерікті категорияға емтихан тапсыру   13 мыңнан 25 мың теңгеге дейін белгіленген. 

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!