Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

ДСДРО аккредиттеу шарасына дайындық науқанын бастады

Жарияланды 27.01.2016

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РММ ШЖҚ –ның Аккредиттеу орталығы 2016 жылы Қазақстан Республикасындағы медициналық ұйымдарды аккредиттеуге дайындау шараларын жалғастырады.

Әлемдік Банк жобасының аясында құрылған Аккредиттеу орталығы аккредиттеудің ұлттық стандарттарын жасақтаушы және денсаулық сақтау ұйымдарын сыртқы кешенді бақылауға дайындаумен айналысатын бірден-бір консультативті-әдістемелік орталық болып табылады. 

2015 жылы аккредиттеу орталығының қатысуымен Астана, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы көптеген медициналық мекемелер сыртқы бағалау қарсаңында дайындықтан өткен болатын. Бұл мекемелер былтырғы жылы жүргізілген аккредиттеу барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Сонымен қатар, 2015 жылы медициналық ұйымдардың 4%-ы  көрсетілетін қызмет сапасы бойынша стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Негізінен бұл мекемелерде тәуекелді басқару, науқастардың қауіпсіздігіне қатысты 6 халықаралық мақсаттарды енгізу, клиникалық және клиникалық емес үдерістерді стандарттау мәселелеріне қатысты кемшіліктер анықталды. 

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу шарасына дайындау үшін Аккредиттеу орталығының кеңесшілері халықаралық сарапшылардың  ұсыныстарын  ескере отырып жасақталған жаңа заманауи технологияларды қолданады. 

 Аккредиттелген медициналық ұйымдар  кепілді тегін медициналық көмек ауқымына мемлекеттік тапсырыс беру кезінде артықшылықтарға ие болады. 

Осыны ескере отырып,  ДСДРО-ның аккредиттеу орталығы 2016 жылы сыртқы кешенді бағалаудан өтуге мүдделі мекемелерді аакредиттеу науқанына дайындауға тапсырыс қабылдайтынын хабарлайды. 

Осы мәселеге қатысты сауалдарға жауап алу үшін   8 7172 700-950 (ішкі 1051,1052,1068) телефонына немесе    c.aккred@mail.ru электрондық поштасына хабарласыңыздар. 

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!