Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Қазақстанда тұңғыш рет медициналық қызметкерлердің біліктілігін бағалайтын ұйымдардың аккредитациясы өтті

Жарияланды 17.09.2015

Алғашқы боп өзінің стандарттарға сәйкестігін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының құрамындағы Республикалық білім және білікті бағалау орталығы дәлелдеп шықты. Аккредитация орталыққа барлық буындағы медициналық қызметкерлердің кәсіби дайындығын бағалап, олардың біліктілігінің тиісті талаптарға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігін анықтаумен мемлекеттік орган - Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті – айналысатын.

Биыл күшіне енген аккредитациялаудың жаңа тәртібі бойынша бағалау құзырын бәсекелік ортаға беру қарастырылған. Бұл халықаралық стандарттарға сай, әрі отандық медициналық қызметкерлердің арасында бәсекелестікті дамытуға ықпал етуі тиіс.

Медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін бағалау 2 кезеңде жүргізіледі: 1) Сертификация; 2) Квалификацияға сәйкестігін дәлелдеу.

 

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!