Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Қан қызметтерін акредиттеуші сарапшыларға арналған тренинг

Жарияланды 04.09.2015

Астана,26-28 тамыз, 2015 жыл

26-28 тамыз 2015 жылы ДСДРО –ның Аккредиттеу орталығы қан қызметтерінің мамандарына арналған тренинг өткізді. Тренинг Астанадағы трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының базасында ұйымдастырылды. Оған еліміздің түрлі аймақтарындағы қан орталықтарынан келген мамандар мен трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері қатысты. Тренинг барысында олар қан қызметтерін аккредиттеу әдістерін үйреніп, бұл шараны өткізудегі халықаралық тәжірибемен танысты.

ДСДРО –ның Аккредиттеу орталығының мамандары семинарға қатысушыларға адами, қаржы, ақпараттық ресурстарды ұтымды пайдалану жолдарын үйретті. Сонымен қатар, медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, ұлттық аккредиттеу стандарттары арқылы медициналық ұйымдарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Аккредиттеу – көрсетілетін қызметтің сапа стандарттарына сәйкестігін ресми мойындау. Ұлттық аккредиттеу стандарттарын ҚР ДСӘДМ халықаралық сарапшылармен бірлесіп жасаған. Олар Денсаулық сақтау сапасы жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (ISQua) Атқарушы комитеті тарапынан қауіпсіздік және медициналық қызмет сапасы жөніндегі халықаралық талаптарға сай деп танылған.

Акредиттеу ерікті түрде жүргізіледі. Бүгінде еліміз бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 159 ұйымның қызмет сапасы мен халықаралық акредиттеу талаптарына сәйкестігі тексерілуде. Олардың жұмысын бағалауға 42 сарапшылар тобы тартылған. Алғашқы қорытындылар биыл қазан айының соңында жарияланады.

Медициналық ұйымдардың жұмысын бағалауда ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, ДСДРО –ның Аккредиттеу орталығының қызметкерлерімен қатар, медициналық ұйымдардың өкілдері –ғылыми атағы бар, тәжірибелі дәрігерлер мен орта буын мамандары қатысады. 2009 жылы акредиттеу енгізілген сәттен бастап елімізде аккредиттеу жөніндегі сарапшылар реестрі жасақталды. Олар аккредиттеудің өзекті мәселелері бойынша жүйелі түрде дайындықтан өтіп тұрады.

 

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!