САЛИДАТ ҚАЙЫРБЕКОВАНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Центр в Нур-Султане переименовали в честь Салидат Каирбековой: 06 августа  2021, 12:10 - новости на Tengrinews.kz

 

Салидат Зекенқызы Қайырбекованың өмірбаяндық деректері

 

Салидат Зекенқызы Қарағанды облысында дүниеге келген.

1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

1984 жылдан 1998 жылға дейін Қарағанды облысының медициналық ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды облыстық көп бейінді емдеу-диагностикалық бірлестігінің бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1998 жылдан 2001 жылға дейін – Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының № 5 медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының төрағасы.

2001-2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының ізденушісі.

2001-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, емдеу-алдын алу департаменті директорының орынбасары, аппарат басшысы.

2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2004-2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры.

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2008 жылғы 4 желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.

2009 жылғы 5 қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі болып тағайындалды

2010 жылғы 7 қазанда — Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

2014 жылғы 6 тамыз-Президенттің Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қайта ұйымдастырылуына байланысты министр қызметінен босатылды.

2014 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды.

2015 жылғы 13 қазанда — «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарды.

 

Марапаттары: 2009 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

 

 

 

Хабарлама

Хабарлама

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  (бұдан әрі – ҚР ДСМ) 5-тармақтың 2- тарауын орындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қарашадағы        № ҚР ДСМ - 188/2020 «Клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі -  ҚР ДСМ Бұйрығы ) сәйкес 2021 жылға клиникалық хаттамалардың (бұдан әрі - КХ) өзекті тақырыптарын әзірлеу/қайта қарау үшін басымдық беріліп отырғанын хабарлайды. 

ҚР ДСМ Бұйрығына сәйкес клиникалық хаттамаларды денсаулық сақтау саласындағы ғылыми медициналық орталықтар (институттар), жоғары медициналық оқу орындары, кәсіптік үкіметтік емес ұйымдар және денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестіктер аурулардың халықаралық жіктемесінің тиісті кодтарын көрсете отырып, жекелеген ауруларға, жағдайларға немесе медициналық араласуларға (аурулар тобы, жағдайлар немесе медициналық араласулар) әзірлейді.

Осыған байланысты, ҚР ДСМ нысанға сәйкес КХ-ны әзірлеуге/қайта қарауға және 2021 жылға арналған КХ-ң басым тақырыптары тізіміне енгізуге өтінімдер беруді сұрайды:

Нысан

Клиникалық хаттаманы әзірлеу/қайта қарау негіздемесі

 

Клиникалық хаттаманың атауы

Клиникалық хаттаманы әзірлеу және қайта қарау қажеттілігінің негіздемесі

Күтілетін клиникалық экономикалық тиімділік

Қайта қаралған клиникалық хаттамаға енгізілген өзгерістер

 

Бейін






Ақпаратты ҚР ДСМ 2021 жылдың 5 ақпанына дейін электронды мекен-жайына g.kakanova@dsm.gov.kz жіберілу керек.  

 

Денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамытуды нығайту жөніндегі стратегиялық бастамалар

ДСДРО ұйымдастырған пікірталас алаңында «Денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамытуды нығайту жөніндегі стратегиялық бастамалар» тақырыбы талқыланды. 

 

Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстар бойынша ұлттық үйлестіруші белгіленді

 
ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстар бойынша ұлттық үйлестіруші болып белгіленді.

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 23.12.2020 жылғы № 871 бұйрығымен ҚР ДСМ ДСДРО Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстар обсерваториясы Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстар бойынша ұлттық үйлестіруші болып белгіленді. Денсаулық сақтау кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші уәкілетті органдардың саланың адам ресурстарын жоспарлау және болжау жолымен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдауы мақсатында республикадағы кадр ресурстарының жай-күйін есепке алуды,  талдауды жүзеге асырады.

Ұлттық үйлестірушінің қызметі денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді болжау, мониторингтеу және жоспарлау тетіктерін жетілдіру және осы саладағы кадр саясатының идеологиясы мен әдіснамасын әзірлеу негізінде денсаулық сақтаудың кадр ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Тәуелсіздік күніне орай марапаттар

Денсаулықты сақтауды дамыту республикалық орталығында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. 

Жаңалықтар