Биомедициналық зерттеулер этикасы және этикалық сараптама жөніндегі республикалық конференция

Автор: Super User

Өтетін орны: Астана қаласы, "Нұрсәулет" бизнес-орталығы, конференц-зал.

Іс-шараның басталуы: сағат 9: 00-де

Байланыс деректері: ДСДРО Білім және ғылымды дамыту орталығы, тел: +7717700950 (ішкі 1099), е-mail:forumrec@mail.rusaussakova.s@mail.ru

Байланысатын тұлғалар: Саусакова Сания Багланбаевна, тел.: +77051284462

Конференция бағдарламасымен сілтемесі бойынша танысуға болады.

 

         6 желтоқсанда Астанада Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның (ЭОК) құрылғанына 10 жыл толуына арналған республикалық конференция өтеді. Іс-шарада "Этикалық комиссия форумы" ҚБ ресми тұсаукесері болады. 

 

         Конференция жұмысына Бельгия, Таиланд, Қырғызстан сарапшылары, ДДҰ-ның Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің Этикалық комитеттері форумының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Назарбаев университетінің, Ғылым қорының, медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҒО, медициналық ұйымдардың, колледждердің өкілдері қатысады.

 

         Бағдарлама пленарлық отырыстарды, тақырыптық пікірталастарды өткізуді көздейді.

 

         Конференция барысында қатысушылар Қазақстандағы этикалық сараптаманы жетілдіру, биоэтика мен ғылыми зерттеулер этикасын дамыту, халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

 

         Сондай-ақ конференция шеңберінде Қазақстанда клиникалық зерттеулер жүргізуді реттейтін нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістерді талқылау үшін жергілікті этикалық комиссиялардың, реттеуші органдардың өкілдерімен кеңес өткізіледі. Басқа тақырыптар ретінде орталық және жергілікті комиссиялардың өзара іс-қимылы, этикалық сараптама сапасын қамтамасыз ету, Этикалық комиссияларды оқыту және сертификаттау мәселелері де қаралатын және талқыланатын болады.

 

         Қосымша ретінде, 2018 жылғы 7 желтоқсанда этикалық комиссиялардың қызметін бағалау және аккредиттеу мәселелеріне арналған 8 сағаттық тренинг өтетіндігін хабарлаймыз. Халықаралық сарапшылар ретінде FERCAP/SIDCER халықаралық тану бағдарламасының жетекшілері профессор Juntra Karbwang Laothavorn және профессор Yimtae Kwanchanok (Бангкок қ., Таиланд Корольдігі) сөз сөйлейді.

1 тыңдаушы үшін тренингке қатысу құны 40 215 теңгені құрайды.