2018 жыл бойынша медициналық ұйымдардың рейтингі

ДСДРО жыл сайынғы республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі ғылыми орталықтардың/институттардың және медициналық ұйымдардың, ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін жеке медициналық мекемелерді қоса алғанда, сыртқы және ішкі аудит нәтижелері, статистикалық көрсеткіштер, сондай-ақ 2018 жылғы пациенттердің пікірлері негізінде рейтингінің қорытындысын шығарды.

 

 

 

 

 

 

 

Меншік түріне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау әрбір келесі топтарда жүргізіледі:

 

– облыстық ересектер стационарлары;

– облыстық балалар стационарлары;

– қалалық ересектер стационарлары;

– қалалық балалар стационарлары;

–2-ші және 3-ші аймақтандыру деңгейлеріндегі босандыру ұйымдары;

– халқы аралас дербес қалалық емханалар, отбасылық денсаулық орталықтары;

– онкологиялық диспансерлер;

– психиатриялық диспансерлер мен наркологиялық диспансерлер;

– терівенерологиялық диспансерлер;

– туберкулезге қарсы диспансерлер;

– орталық аудандық ауруханалар;

– ғылыми-зерттеу институттары;

– ғылыми орталықтар.

  

 

  

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 жылдың қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстардағы кейбір индикаторлардың шекті мәндері және олардың үлес салмағы өзгертіліп, сондай-ақ алғаш рет «Орталық аудандық ауруханалар» жаңа бағдар енгізіліп, қайта қаралғаннан кейін ДСДРО рейтингтік қорытындысын шілде айында есептеп шығарды. Рейтингті есептеудің өзектілендірілген әдістемесінде бейініне байланысты клиникалық индикаторлардың шекті мәндері қайта қаралды, мәселен 2019 жылдан бастап көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті баллдар: САТ-та емделген науқастардың өсу қарқыны, стационардағы өлім-жітім, алдын алуға болатын аналар өлім-жітімі жағдайларының саны және көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті балл төмендеді, ақпараттық медициналық жүйелердің болуы, пациенттердің медициналық көмектке қанағаттану деңгейі, қызметкерлердің жұмыс жағдайына қанағаттану деңгейі, дәрігердің орташа айлық жалақысының аймақ экономикасындағы орташа айлық атаулы еңбекақыға арақатынасы. .

 

Сонымен қатар, бірқатар жаңа индикаторлар енгізілді, соның ішінде орталық аудандық ауруханаларға:

• Ішкі аудит қызметінің және атқарушы органның болуы

• Тәуелсіз мүшелері бар Бақылау кеңесінің болуы (кемінде 30%)

• Көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары бар тартылған және сол ауруханада қалған жас мамандардың саны (1 жылдан астам).

 

Медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау, ҒЗИ/ҒО" әдістемелік ұсынымдарымен толығырақ ДСДРО ресми сайтында танысуға болады:

 


Өткізілген бағалау қорытындысы бойынша, 224 ранжирленетін ересектерге арналған стационарлар арасында медициналық көмек сапасының деңгейі клиникалық көрсеткіштер бойынша 6 МҰ - 5 жұлдыз санатына кірді және 96 - 4 жұлдыз санатына кірді, 72 - 3 жұлдыз, 16 – 2 жұлдыз санатына кірді, ал 1 жұлдызды 22 МҰ алды.


Балаларға арналған 26 стационардың ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 МҰ - 5 жұлдызға бағаланды, 4 жұлдызды - 14 ұйым алды, 3 және одан төмен жұлдызға - 7 ұйым кірді. Менеджмент көрсеткіші бойынша ешқандай ұйым 1 және 5 жұлдызды иеленген жоқ. 12 МҰ – 44 жұлдызды иеленді, 10 – 3 жұлдыз, 2 жұлдызы – 4 МҰ берілді. 


38 перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 жұлдыз - 6 П/ПО берілді, 4 жұлдыз – 18 П/ПО, 13 – 3 жұлдызға ие болса, 1 жұлдыз ешқандай ұйымға берілмеді. Менеджмент көрсеткіштеріне қатысты 1 жұлдыз – бірде бір МҰ, 2 жұлдыз – 4 ұйым, 3 жұлдыз - 14 П/ПО, 4 жұлдыз - 13 медициналық ұйымда (36%), және 7 ұйымда менеджмент көрсеткіштері 5 жұлдызға бағаланды.


Алғашқы медициналық–санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін медициналық көмек көрсетудің сапасын рейтингтік бағалауға 181 ұйым қатысты, оның ішінде клиникалық көрсеткіштерте 5 жұлдыздар санатына - 2 МҰ кірді; 4 жұлдыз - 42 МҰ берілді, 55 ұйымға - 3 жұлдыз берілді, 2 жұлдыз санатына - 76 ұйым кірді, тиісінше 1 жұлдызға – 6 медициналық ұйым иеленді. Менеджмент көрсеткіштері бойынша 17 МҰ - 5 жұлдыз, 4 жұлдызға - 61 МҰ берілді, 76 МҰ - 3 жұлдыз санатына кірді, 2 жұлдызға - 16 МҰ берілді, 11 ұйым 1 жұлдызға ие болды.


Осы жылы алғашқы рет медициналық көмек көрсету сапасы бойынша рейтингтік бағалау орталық аудандық ауруханалар арасында өткізілді. Рейтингтік бағалауға 163 МҰ қатысты. Клиникалық көрсеткіштер бойынша: 5 жұлдыз санатына 13 МҰ кірді; 4 жұлдызға 77 МҰ берілді, 49 ұйым 3 жұлдызға, 21 МҰ 2 жұлдызға және 1 жұлдызға 3 ұйым бағаланды. Менеджмент көрсеткіштері бойынша 5 жұлдызды - 8 МҰ, 77 МҰ - 4 жұлдызды, 3 жұлдыз санатына - 55 ұйым, 2 жұлдыз - 17 МҰ, 1 жұлдыз санатына - 6 МҰ берілді.


17 ҒЗИ/ҒО арасында менеджмент көрсеткіштері бойынша 5 жұлдыз санатына 2 ұйым кірді, 4 жұлдыз - 10 ҒЗИ/ҒО берілді, 3 жұлдыз - 5 ұйымда, 2 және 1 жұлдыз 2018 жылы бірде-бір ұйым алған жоқ. Клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 жұлдыз санатына - 2 ұйым кірді, 4 жұлдыз - 5 ҒЗИ/НЦ, 3 жұлдыз - 7 ұйымда, 2 Жұлдыз - 3 МҰ, 1 жұлдыз санатына бірде-бір ұйым кірмеді.


75 диспансердің ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 жұлдыз санатына 5 МҰ кірді, 4 жұлдыз - 16 ұйымға берілді, 3 жұлдыз - 35, 2 жұлдызды -  18 МҰ алды, 1 жұлдыз санатында – 1 ұйым. Менеджмент көрсеткіштері бойынша 5 жұлдыз санатына - 2 Ұйым, 8 МҰ - 4 жұлдыз, 34 ұйымда - 3 жұлдыз, 28 ұйым - 2 Жұлдыз, 3 МҰ - 1 жұлдыз алды. 


Қысқаша қорытынды:

 

2018 жылы Менеджмент көрсеткіштері бойынша рейтингте жоғары бағаға қол жеткізу бойынша негізгі факторлар: ұлттық аккредиттеу рәсімінен өту, медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша медициналық ұйымдардың белсенді жұмысы, кадрлық ресурстарды нығайту және дамыту, корпоративтік басқаруды дамыту. Клиникалық көрсеткіштер бойынша рейтингте жоғары деңгейге жетуге ықпал еткен негізгі факторлар: стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетудің сапасы мен көлемін жетілдіру, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту, сондай-ақ 2017 жылмен салыстырғанда клиникалық көрсеткіштердің оң серпіні. 


2017 жыл бойынша медициналық ұйымдардың рейтингі

 

2016 жыл бойынша медициналық ұйымдардың рейтингі