Төсекбаев Қанат Дүйсенбайұлы - Бас директор.
Қанат Тосекбаев -Денсаулық сақтау менеджері, "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Денсаулық сақтау жүйесінде үлкен басшылық тәжірибесі бар
Білімі және біліктілігі:
- С.Ж. Асфандияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті, Алматы қ;
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ганновер жоғары медициналық мектебі;
АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы аясында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тағылымдамада;
Еңбек қызметі:
- Еңбек жолын жедел медициналық жәрдем фельдшері болып бастады.
- Берлин қаласы Vivantes клиникасында халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жобалау менеджері;
- 2008-2009 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болды;
- 2009-2010 жылдары – «Астана Медицина Университеті» АҚ бөлімінің жетекші маманы;
- 2010-2013 жылдар аралығында – Астана қаласы «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКҚК бас дәрігері
- 2013 жылдан 2014 жылға дейін-ҚР Президенті Іс Басқармасының «Оқжетпес» ЛОК АҚ басшысы/p>
- 2014-2015 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс Басқармасының «Almaty Resort» клиникалық санаторийі» АҚ басқарды.
- 2015-2017 жылдары-Алматы қаласы «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК бас дәрігері.
- 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
- Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.