Байқау кеңесінің төрағасы

 

Біртанов Елжан Амантайұлы

 

 - 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби басқарушы, менеджмент, медицина ғылымдарының докторы, іскерлік басқару магистрі.

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1994); Аризона штаты Университетін, Тусон қаласы (1994); Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім академиясын бітірген. Денсаулық сақтау менеджменті (2001); Шарите Университеті клиникасы, Берлин, ГФР, Аурухана ісінің менеджменті (2006); Тұран Университеті, экономика (2008); Duke University, Fuqua School of Business, АҚШ, Global Executive MBA магистратурасы (2013).

Еңбек жолы:

  • 1991-1994 жж. – Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасының психоневрология бөлімінде, ЖМКА қарқынды терапия, жан сақтау, токсикология бөлімдерінде мейіргер;
  • 1994-1998 жж.- дәрігер-токсиколог, реаниматолог, ЖМКА ақпараттық-консультативтік токсикологиялық орталығының жетекшісі;
  • 1998-1999 жж.- Алматы қалалық токсикология орталығының басшысы;
  • 1999-2005 жж. - республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы;
  • 2000-2008 жж.- Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының клиникалық токсикология курсының оқытушысы, меңгерушісі;
  • 2005-2008 жж.- ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры;
  • 2008 ж.- «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2008-2010 жж.  - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі;
  • 2010-2012 жж. - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-тың Басқарма төрағасы;
  • 2012-2014 жж.- «Назарбаев Университет» ДБҰ Атқарушы кеңесі  төрағасының кеңесшісі;
  • 2014-2015 жж. - «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы;
  • 2015 ж. (қараша) - 2017 ж. (қаңтар) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
  • 2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

50-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы, Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. ҚР денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Отличник здравоохранения», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілерімен марапатталған.

 

Байқау кеңесінің мүшелері


Байқау кеңесінің хатшысы


Құлжанов

Максұт Кәрімұлы

 

Құлжанов Мақсұт Кәрімұлы -  "Республикалық медициналық палата" ҚБ Басқарма төрағасы

Медицина ғылымдарының докторы, профессор,  Астана қаласындағы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының алғашқы бас директоры болды. Орталықтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арқылы жасалатын денсаулық сақтау саласындағы реформаларды әдістемелік және талдамалық қолдау.

М.К. Құлжанов – Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің негізін қалаушы, бұл тек Орталық Азия аймағында ғана емес, ТМД аймағы бойынша аталған бағыттағы алғашқы ұйым. Ол бұл ұйымды 15 жыл басқарып, халықаралық аренада танытты. Денсаулық сақтау вице-министрі болған (1992-1997) жылдары ол Қазақстандағы медициналық сақтандыру жүйесінің негізін қалаушылардың бірі болды.

Еңбек жолы:

  • 1972-1973 - Республикалық клиникалық аурухананың дәрігері
  • 1973-1975 - Эпидемиология, микробиология және инфекциялық аурулар ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері
  • 1975-1978 - Өлкелік патология ҚазҒЗИ аспиранты;
  • 1978-1987 - Кардиология ҚазҒЗИ ғылыми қызметкері, Гигиена және кәсіби аурулар ҚазҒЗИ кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері;
  • 1987-1990 - Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары;
  • 1990-1992 - Гигиена және кәсіби аурулар ҚазҒЗИ зертханасының меңгерушісі;
  • 1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары;
  • 1994-1996 – ДДҰ тұрақты комитетінің мүшесі
  • 07.1997-2011 - Қазақстан қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ректоры
  • 2000-2004; 05.2015 жылдан -  ДДҰ атқару комитетінің мүшесі
  • 2002 жылдан - қоғамдық денсаулық сақтау бойынша Азия-Тынық мұхит академиялық консорциумының толық мүшесі
  • 2002 жылдан - COHRED басқарма мүшесі
  • 2002 жылдан - ASPHER, APAC PH Директорлар кеңесінің мүшесі
  • 2002 жылдан – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының ұлттық қауымдастығының президенті
  • 2012 – Қазақстан Республикасы Ұлттық денсаулық сақтау палатасының президенті
  • 2011-2013 – ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры, бас директорының орынбасары
  • 2013 жылдан - "Республикалықмедициналық палата" ҚБ Басқарма төрағасы

100-ден аса медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттарына ғылыми жетекшілік етті. 200-ден астам қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми жарияланымдардың авторы. Денсаулық сақтау саласындағы дипломат, ерекше басшы, зерттеуші,  лектор ретінде тәжірибесі мол. Соңғы кездердегі зерттеушілік және кәсіби қызметінің бағыты – денсаулық сақтау саясаты, жаһандық денсаулық, паллиативтік көмекті дамыту, дені сау қартаю, ментальды денсаулық, т.б.

«Здравоохранение Казахстана» и «Менеджер здравоохранения» атты екі отандық журналдың бас редакторы. Республикалық медициналық палата президенті.  Мақсұт Кәрімұлы түрлі халықаралық кеңестердің мүшесі, отандық денсаулық сақтау саласының мүддесін халықаралық деңгейге танытуда.



Уримов

Руслан Мухтарұлы

-

Уримов Руслан Мухтарұлы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының»  байқау кеңесінің хатшысы