Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Қазақстанда ауруларды басқару бағдарламасы іске қосылмақ

Жарияланды 05.05.2016

Қазақстанның бес аймағында ауруларды басқару бағдарламасын енгізу басталды. 2016 жылдың 5 мамырында Астана қаласындағы  №5 емханада аталмыш бағдарламаның таныстырылымы өтті. Шара аясында аймақтарда бұл бағдарламаны енгізуге атсалысатын мамандарға арналған семинар ұйымдастырылды. Екі күн бойы дәрігерлер, орта буын медициналық мамандар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салты бойынша мамандар бағдарламаға қатысатын науқастармен жұмыс істеу әдістерін үйренді.

Ауруларды басқару бағдарламасы Қазақстанда 2013 жылы пилотты режимде енгізіле бастады. Жоба Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жүзеге асырылып, артериалды гипертензия, қант диабетіне шалдыққан, созылмалы жүрек мүкісі бар  1200 науқасты қамтыды.

Жоба мақсаты – клиникалық тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану және науқастың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру арқылы оның  жағдайын жақсартып, өмір сапасын арттыру.

Бағдарлама пациенттерге медициналық қызметкерлермен бірлесе отырып, өзінің халін қадағалап, құрамына терапевт, профильді дәрігер, мейіргер, психолог, салауатты өмір салты жөніндегі маман кіретін мультидисциплинарлық команда мүшелерімен ұдайы түрде жіті қарым-қатынас орнату арқылы аурудың меңдеуінің алдын-алуға мүмкіндік береді. Пациенттер Денсаулық мектебіне барып, өзіне-өзі көмек көрсетуге, денсаулығына зиян факторларды бақылауға машықтанады.  Олар денсаулық күнделігін жүргізіп отырады. Бұл өз кезегінде дәрігерге науқастың жағдайын жан-жақты бағалап, дұрыс ем беруге көмектеседі.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы жүргізген зерттеулерге сүйенсек, бұл бағдарламаға қатысқан науқастардың хал-жағдайы айтарлықтай жақсарған. Олардың ішінде жүрегінің мүкісі бар науқастардың арасында  денсаулығы күрт нашарлап, шұғыл түрде ауруханаға түскендердің саны 2 есеге азайған. Артериалды гипертензияға шалдыққандардың 75 пайызының қан қысымы қалпына түскен. Қант диабетіне шалдыққандардың 65 пайызының  анализ көрсеткіштері реттелген.

Жоба барысында қол жеткізілген оң нәтижелер ескеріліп, ол 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасына енгізілді. Биыл  ол еліміздің тағы бес аймағында, Астана қаласы, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында енгізіледі.Сонымен қатар, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл тәжірибені тарату жұмыстары жалғасады. Бағдарламаға қатысатын науқастардың жалпы саны 3200-ден асады.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы өткізетін семинар барысында мамандар өз әріптестерінің тәжірибесімен танысып, оны аймақтарда енгізеді.

Ауруды басқару бағдарламасы келесі емханаларда енгізілмек:

  • Астана қ: №5, 8, 10 емханалар.
  • Алматы қ: №1, 3, 11 емханалар.
  • Орал қ.: № 1, 3, 4 емханалар.
  • Теміртау қ: №1, 4 және  №1 қалалық аурухана жанындағы емхана.
  • Қостанай қ.: № 1, 2, 3,4 емханалар. 
  • Павлодар қ: №1,2,4,5 емханалар.
  • Петропавл қ.: № 1,2,3 емханалар.

Ақпарат дереккөзі

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!